Үндістаннан жеткізу

Үнді тауарларының негізгі ерекшелігі – бағасы да арзан, сапасы да жаман емес. Үндістаннан тауарды жеткізу де өз құнымен тартымды болып табылады. Сондықтан шағын және орта ресей бизнесінің көптеген өкілдері түрлі үнділік өндірушілермен белсенді ынтымақтаса әрекет етеді. Жүк тасымалдарының бірнеше нұсқасы бар, атап айтқанда:

  • Үндістаннан теңіз тасымалдары;
  • әуе тасымалдары;
  • жүкті жердегі көлікпен жеткізу;
  • Үндістаннан контейнерлік тасымалдар;
  • Құрама жүктерді жеткізу.

Кәсіпкерлер үшін Үндістаннан жедел әрі сапалы жеткізу маңызды болғандықтан олар «Cargolight» сияқты мамандандырылған көлік компанияларының қызметтерін ұдайы пайдаланып отырады. Үндістан-Ресей бағытында ауыл шаруашылық және жеңіл өнеркәсіп өнімдері, атап айтқанда күріш, темекі, тоқыма бұйымдары, шай мен көптеген өзге тауарлар ерекше танымал. Жеткізу мерзімі 45 күнді құрайды.

Үндістаннан контейнер: тасымалдау ерекшеліктері

Жүктің көлемі өте ауқымды болса, жүкті контейнермен тасымалдау қызметтерін пайдалану мақсатты түрде орынды болады. Аталған жеткізу әдісі теңіз тасымалдары арқылы жүзеге асырылады. Үндістаннан жүкті Еуропаның қайсы бір кемежайына дейін жеткізуге, сондай-ақ бірден Ресей кемежайына да жеткізуге болады: Новороссийск, Санкт-Петербург немесе Шығыс кемежайына. Содан соң теңіз кемежайынан Үндістаннан келген контейнер клиентке автокөлікпен немесе теміржол арқылы жеткізіледі.

Жеткізу әдісін таңдау оның оңтайлығына байланысты. Осы тасымалдау түрінің бір ғана кемшілігі- Үндістаннан теңіз арқылы контейнерлік тасымалдар ұзағырақ уақыт алады: екі аптадан екі айға дейін.

Қай әдісті таңдау керек: Үндістаннан теңіз тасымалдары ма, жерде жүретін көлік пе әлде әуе тасымалдары ма?

Үндістаннан теңіз тасымалдарының ерекше танымал болғанына қарамастан жүкті әуе көлігімен жеткізу жылдам әрі сенімді жеткізу әдістерінің бірі болып табылады. Үндістаннан жүк жеткізу түрлі әуежайлардан жүргізіледі: Ченная, Дели, Мумбаи, Бангалора, Калькутты, Ахмадабадтан. Жүкті әуежайға дейін жеткізу түрлі көлікпен жүзеге асырылады. Сондықтан тасымалдау құны да айтарлықтай құбылып отыруы мүмкін. Жүктерді әуе көлігімен тасымалдау құнын есептеу мынадай өлшемдерге негізделеді:

  • жүктің көлемі (Үндістаннан контейнерді әуе көлігі арқылы әрине жеткізе алмайсың);
  • жүктің класы мен салмағы;
  • сондай-ақ барлық тиісті алымдар мен сүйемелдеу құжаттарын ресімдеу құны қосылады.

Жалпы алғанда Үндістаннан әуе көлігі арқылы жүк жеткізу өте қымбатқа түседі. Бірақ жедел жеткізу қажеттілігі туындаған кезде жүктерді әуе көлігімен тасымалдау өзін 100% ақтайды. Сіз жүкті тасымалдаудың қай әдісін таңдасаңыз да «Cargolight» көлік компаниясы жоғары сапалы тасымалдауды және жолда тауардың сақтандылығына кепілдік береді.