Cargolight халықаралық ISO 9001:2008 стандартына сәйкестік сертификатын алды

Cargolight компаниясында дербес аудит жүргізіліп, нәтижесінде Cargolight-гі сапа менеджменті жүйесі осы халықаралық стандарт талаптарына сәйкес келеді деген шешім қабылданды. ISO 9001:2008-ң ерекшелігі –қызметтердің сапасы ғана сертификатталып қоймай, осы қызметтерді көрсетудің бүкіл процесі және компанияны басқару да сертификатталады.

Аудиторлардың пікірі бойынша, ISO 9001-2008 стандартына сәйкестік компанияны оңтайлы басқару әдісін болжайды және ұсынылатын қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңда Cargolight компаниясы жүктерді Қытайдан, Қазақстан мен Еуропадан тасымалдаумен байланысты қызметтердің толық кешенін ұсынады. Сондай-ақ тиісті елдегі коммерциялық өкіл қызметтерін, клиенттің тапсырысы бойынша тауарларды көтерме және бөлшек сатып алу қызметтерін, экспорттық операцияларды кедендік ресімдеу қызметтері мен қаржы қызметтерін көрсетеді.

компанияның Ресей-Қазақстан; Еуроодақ-Ресей, Қазақстан; Қытай-Ресей, Қазақстан; Қазақстан-Ресей бағыттары бойынша рейстерді апта сайын жүзеге асыратындығын атап өту керек. Сондай-ақ түрлі мақсаттағы және сақтау талаптары да әртүрлі кез келген көлемдегі жүкті Қазақстанға, Қытай мен Еуроодақ елдеріне тасымалдау мүмкіндігі бар. Бұл үшін компанияда арнайы рефрижераторлық тіркемелер, ірі көлемдерді жүктерге арналған тіркемелер, құрама жүктерге арналған контейнерлер және 30 тартқыштан тұратын автопарк бар.

Cargolight компаниясының Қазақстан бағытындағы алғашқы рейстері 2001 жылы жүзеге асырылған болатын. Уақыт өте келе Еуроодақ елдерінен де жүктер жеткізіле бастады. 2008 жылдан бастап Қытайдан тасымалдау бағыты ашылды.

Бөлісу:

Опубликовать

Қосымша оқыңыз

Cargolight Үндістаннан жүк тасымалдауды бастады

Cargolight логистикалық компаниясы жүк тасымалдарының жаңа бағытын ашты. Енді жүктер Үндістаннан тасымалданады. Cargolight жүктерді теңіз, теміржол, авто және әуе көліктері арқылы тасымалдайды.

Cargolight Еуропа мен Қытайдан жүк жеткізу мерзімдерін қысқартты

Cargolight көлік компаниясы өз бағыттары бойынша жүктердің тасымалдау мерзімдерін қысқартатындығы туралы жариялады. Енді тауарды Қытай мен Мәскеуден жеткізу мерзімі 45 күнді, ал Еуропадан Ресейге-14 күнді құрайды.

Жаңалықтар мұрағаты

2012