Cargolight тағы да екі рефрижераторлық тіркемені сатып алды

Cargolight компаниясы Қытайдан және Еуроодақ елдерінен Қазақстанға және Ресейге құрама жүктерді жеткізуге маманданған, сонымен қатар арнайы мақсаттағы ірі көлемді жүктер мен тауарларды тасымалдауды жүзеге асырады. Ерекше температуралық режімді талап ететін тауарларды тасымалдау үшін компанияда +12С-ден -25С-ге дейінгі қажетті температураны ұзақ уақыт бойы ұстап тұруға қабілетті арнайы рефрижераторлық тіркемелер бар

Соңғы уақытта арнайы мақсаттағы жүктердің көлемі күннен күнге өсіп келеді- деп, атап өтті, CargoLight –ң Ресейдегі басқарушы әріптесі Александр Быстров. Ерекше температуралық режімді талап ететін жүктердің ішінен компания негізінен косметикалық құралдар мен тағамдық қоспаларды тасымалдайды, сондай-ақ Германиядан медикаменттерді жеткізуді жүзеге асырады

Ерекше температуралық режімді талап ететін жүктерді тасымалдау сұранысын қанағаттандыру үшін Cargolight компаниясы арнайы жүктерді тасымалдауға қажетті талаптарды қамтамасыз ететін тағы да 2 рефрижераторлық тіркеме сатып алу туралы шешім қабылдады.

Ағымдағы жылдың ақпан айында 20 контейнердің сатып алынғанын, ал одан бір ай бұрын қаңтарда 5 тартқыштың сатып алынғанын естеріңізге сала кетейік. Cargolight компаниясының автопаркінде халық тұтынысы тауарларын тасымалдауға арналған брезентпен жабылған жартылай тіркемелер де бар.

Бөлісу:

Опубликовать

Қосымша оқыңыз

Cargolight Үндістаннан жүк тасымалдауды бастады

Cargolight логистикалық компаниясы жүк тасымалдарының жаңа бағытын ашты. Енді жүктер Үндістаннан тасымалданады. Cargolight жүктерді теңіз, теміржол, авто және әуе көліктері арқылы тасымалдайды.

Cargolight Еуропа мен Қытайдан жүк жеткізу мерзімдерін қысқартты

Cargolight көлік компаниясы өз бағыттары бойынша жүктердің тасымалдау мерзімдерін қысқартатындығы туралы жариялады. Енді тауарды Қытай мен Мәскеуден жеткізу мерзімі 45 күнді, ал Еуропадан Ресейге-14 күнді құрайды.

Жаңалықтар мұрағаты

2012