Cargolight Германиядағы қойма жайларын кеңейтті

Cargolight көлік компаниясы өзінің Берлиндегі (Германия) қойма жайларын кеңейтті. Берлиндегі Cargolight қоймаларының жалпы ауданы енді 1800 шаршы метрді құрайды, бұл еуропалық нарықта үлкен жүк көлемімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Бұдан әрі компания өзінің қойма жайларын Еуропаның тағы бірқатар елдерінде, сонымен қатар Қытай мен Қазақстанда кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл осы бағытта тасымалданатын жүк көлемінің өсуімен байланысты, өйткені Қытайда, сондай-ақ Еуропада өндірілген тауарға деген сұраныс күннен күнге тұрақты өсіп келеді.

Бүгінгі таңда Германиядан тасымалдардың негізгі көлемін тоқыма бұйымдары құрайды. Cargolight –да Еуропадан құрама жүктерді тасымалдаудың үйлесімді схемасының арқасында жүктердің импорты мен экспортын айтарлықтай арттыру күтіліп отыр. CargoLight-ң Ресейдегі басқарушы әріптесі Александр Быстровтың айтуынша құрама жүктерді жеткізу қызметін шағын кәсіпкерлердің басым бөлігі пайдаланып келеді, бұл контейнерлерді жылдам толтыруға және Еуропадан жүк тасымалдарын барынша қысқа мерзім ішінде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Cargolight компаниясы Германиядан, Еуропа мен Қытайдан жүктерді жеткізу қызметінің қажетті құжаттар жиынтығын ресімдеуден бастап тиісті елдегі клиенттің коммерциялық өкіліне дейінгі толық кешенін ұсынады. Cargolight экспортты кедендік ресімдеумен, тауарды қауіпсіз сақтаумен және тасымалдаумен, сапалы тиеумен және түсірумен және т.б. байланысты барлық әуре-сарсаңды өзіне алады.

CargoLight компаниясы жүктерді тасымалдаумен 10 жылдан астам уақыттан бері шұғылданып келеді. Негізгі қызметі құрама жүктерді тасымалдау болып табылады. Жүк тасымалдарының басты бағыттары- Мәскеу-Қазақстан, Қытай-Мәскеу, Германия-Қазақстан, Ресей-Германия, Еуропа-Ресей.

Бөлісу:

Опубликовать

Қосымша оқыңыз

Cargolight Үндістаннан жүк тасымалдауды бастады

Cargolight логистикалық компаниясы жүк тасымалдарының жаңа бағытын ашты. Енді жүктер Үндістаннан тасымалданады. Cargolight жүктерді теңіз, теміржол, авто және әуе көліктері арқылы тасымалдайды.

Cargolight Еуропа мен Қытайдан жүк жеткізу мерзімдерін қысқартты

Cargolight көлік компаниясы өз бағыттары бойынша жүктердің тасымалдау мерзімдерін қысқартатындығы туралы жариялады. Енді тауарды Қытай мен Мәскеуден жеткізу мерзімі 45 күнді, ал Еуропадан Ресейге-14 күнді құрайды.

Жаңалықтар мұрағаты

2012