Cargolight өз автопаркін Volvo FH12 5 тартқышымен кеңейтеді

Cargolight ресейлік көлік компаниясы өз автопаркін Volvo швед маркасының FH12 үлгідегі 5 тартқышымен толықтырды. Енді Еуропадан, Қытайдан, Қазақстаннан және өзге елдерден жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдауды 30 тартқыш жүзеге асырады, бұл жүк тасымалдарының географиясын кеңейтіп, жүктерді жеткізу жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.

Volvo FH12 тартқыштары алыс қашықтыққа тасымалдауға арналған. Қуатты жүк машиналары ірі көлемді жүктермен қатар, құрама жүктердің де ауқымды көлемін тасымалдауға мүмкіндік береді.

Cargolight компаниясының негізгі жартылай тіркемелер паркін халық тұтынысы таураларының тобынан бастап арнайы таураларға дейінгі тауарлардың басым түрін тасымалдауға арналған брезентпен жабылған жартылай тіркемелер құрайды.

Арнайы температуралық режімді талап ететін жүктерді тасымалдау үшін ұзақ уақыт бойына кез келген қажетті температуралық режімді сақтап тұруға қабілетті рефрижераторлық жартылай тіркемелер қолданылады.

Әрбір көлік құралы жаһандық бағдарлау жүйесімен жабдықталған (GPS), оның арқасында жүктің нақты орналасқан жерін қадағалап отыруға болады.

Cargolight барлық қолданыстағы ережелерді орындай отырып, Қазақстанға, Ресейге, Қытай мен Еуропаға жүктерді жеткізуді жүзеге асырады. Әрбір жүк қажетті құжаттар жиынтығымен сүйемелденеді, оны ресімдеуді компания өзіне алуы мүмкін. Тауарды кедендік тексеруден өткізумен компания клиенттің тікелей қатысуынсыз өзі шұғылданады.

Қытайдан, Ресейден,Еуропадан немесе Қазақстаннан жүктерді жеткізу құны көлік түріне, жүк түріне, жеткізу мерзімі мен тиеу әдістеріне байланысты болады. Сәйкесінше арнайы қаптаманы және қатаң қауіпсіздік нормаларын сақтауды талап етпейтін шағын көлемді жұмсақ жүктерді тасымалдау құны нәзік немесе қауіпті жүктерді тасымалдаумен салыстырғанда әлдеқайда арзанырақ түседі. Жүктерді Қазақстанға, Ресейге, Еуропаға немесе Қытайға жіберудің жиынтық құны шарт жасайтын кезде жекелей келісіледі.

Бөлісу:

Опубликовать

Қосымша оқыңыз

Cargolight Үндістаннан жүк тасымалдауды бастады

Cargolight логистикалық компаниясы жүк тасымалдарының жаңа бағытын ашты. Енді жүктер Үндістаннан тасымалданады. Cargolight жүктерді теңіз, теміржол, авто және әуе көліктері арқылы тасымалдайды.

Cargolight Еуропа мен Қытайдан жүк жеткізу мерзімдерін қысқартты

Cargolight көлік компаниясы өз бағыттары бойынша жүктердің тасымалдау мерзімдерін қысқартатындығы туралы жариялады. Енді тауарды Қытай мен Мәскеуден жеткізу мерзімі 45 күнді, ал Еуропадан Ресейге-14 күнді құрайды.

Жаңалықтар мұрағаты

2012