Еуродан құрама жүктер

Жүк тасымалы бизнесіне қатысты мәселелерді шешу кезінде көзделетін басты мақсат -қажет уақытта және қажет жерде пайда болу. Міне, сондықтан Ресейдің, Германияның, Қытайдың ірі экспорттық компаниялары бізді өз әріптестері ретінде көруді қалайды.

Cargolight компаниясы- жүк тасымалдарының отандық, сондай-ақ еуропалық нарығындағы ең сенімді әрі озық әріптес. Біз өз ісімізді керемет білеміз және тиімді әріптестіктің көптеген нұсқаларын ұсына аламыз. Бұл Еуропадан жүк жеткізу (түрлі тауарлар), Қытайдан тікелей жеткізу, Қазақстаннан Ресейге жүк жеткізу және басқалары.

Біріктірілген жүктер нарығы 2001 жылдан бастап біздің басты табыс көзімізге айналды. Сол уақыттан бері жүк тасымалдары қызметтерін ұсына отырып, біз ірі отандық компаниялардың әріптесіне айналдық. Қазақстанның көлік компаниясы біздің ең алғашқы шетелдік әріптесіміз болды. Осы уақыттан бастап әрбір әріптесіміз біздің тұрақтылығымыз бен сенімділігімізге көз жеткізе білді. Дәл осы қасиеттер бізді өз бәсекелестеріміздің алдында ерекше етіп көрсетеді.

Cargolight-мен кіршіксіз ынтымақтастық толыққанды әрі көп жылдық тәжірибе арқылы, түрлі саладағы кәсіпқойлар командасы арқылы, клиентпен жүргізілетін келіссөздер кезіндегі икемділік, сапалы логистикалық сұлбалар арқылы ақталды. Бізді еуропалық көлік қызметтері нарығында мойындайды әрі сыйлайды, өйткені біз Мәскеуден Қазақстанға, Германиядан Ресейге және т.б. жүкті кіршіксіз жеткіземіз.

Әріптестерге арналған көлік компаниясы: Қытай, Еуропа, Ресей, Қазақстан

  • Ресей мен Қазақстанның кез келген нүктесіне тауар экспорттайтын Қытай көлік компаниясы;
  • Алматы көлік компаниясы: бізде Мәскеу-Алматы, Алматы-Мәскеу бағыттары барынша үйлестірілген;
  • Еуропа, сонымен қатар біздің фирманың басты офисі орналасқан Германия көлік компаниясы.

Көлік жүк тасымалдарымен қатар біз Еуропада, Қытайда және Ресейде коммерциялық өкілдікпен шұғылданамыз. Біз Еуропадан импортты ғана сатып алып қоймай, жүк құжаттарын ресімдеу және кедендік тексеруден өткізу жауапкершілігін де өзімізге алуға дайынбыз.

Компания Еуропадан, Қытайдан құрама жүктерді тасымалдайды және әрбір тапсырыс берушімен келіссөздер үстеліне отырып, жеке талаптарды талқылайды.

Біздің мамандарымыз Қытайдан (оның ішінде Қытайдан контейнерлер) және Еуропадан импортты жүзеге асыруға арналған логистикалық схемаларды жеке әзірлеп, құрастырады. Өйткені біздің осы қасиеттеріміз бізді бәселестерден едәуір ерекшелендіреді.

Біздің қызметтеріміздің бағалары екі тарап үшін де, біз үшін және біздің әріптестеріміз үшін тиімді болатындай етіп мақұлданған.

Біз жұмыс істейтін барлық тапсырыс берушілер әртүрлі болып келеді, өйткені біз оларды меншік нысаны бойынша және қызметтерді төлеу әдісі бойынша бөліп жармаймыз.

Біз өз әріптестерімізді бағалаймыз, өйткені дәл солардың арқасында біздің қызметіміз заманауи жүк тасымалдары нарығында ең жоғары ұстанымға ие болып отыр.