Жүкті қытайдан жеткізу құны

ГҚайсы бір елден экспортталатын тауарға тапсырыс бере отырып, әрбір клиент қоятын басты сұрақ – біз белгілеген бағыттар бойынша Қытайдан және Еуропадан, сонымен қатар Ресейден және Қазақстаннан жүкті жеткізу құны. Төменде біз өз қызметтеріміздің түрлі бағаларын келтіреміз.

Еуропа мен Қытайдан тасымалдар: қосымша қызметтер

Біздің негізгі қызмет түрі – Еуропадан Ресейге жүк тасымалдары, Қазақстанға экспорт, сонымен қатар Ресейден Қазақстанға жүк жеткізу. Бірақ қалай болғанда да біз қосымша шығынды талап ететін өзге рәсімдермен де шұғылданамыз:

  • Біз қажет болған жағдайда Еуропа мен Қытайдан импортты жүзеге асыратын кезде жүктерді сақтандыруды жүзеге асырамыз. Біз тапсырыс берушімен сақтандыру полисінің түрін алдын ала талқылағаннан кейін ғана барлық қажетті операцияларды жүргіземіз;
  • Сіздің жүкті кедендік тексеруден өткізу мәселесімен шұғылданамыз. Біз Қазақстаннан Ресейге және кері бағытта, сонымен қатар қалған халықаралық бағыттар бойынша жүктерді жеткізетін кезде кеденге қажетті қажаттарды дайындаймыз;
  • Қазақстанға немесе Ресейге жүкті жеткізу жүзеге асырылғаннан кейін тауарды тиеу мен түсіруді жүргіземіз.

Біз өз клиенттерімізге коммерциялық өкілдік бағдарламасы арқылы біздің әріптесімізге айналуды ұсынамыз. Бұндай ынтымақтастық кезінде Еуропадан жүк жеткізу әдеттегі тауар тасымалымен салыстырғанда қымбатырақ түседі, бірақ сізге қызметтердің толық жиынтығы көрсетіледі және біз өз жағымыздан толық жауапкершілік арқалаймыз.

Қытайдан жүк жеткізу: баға дербес белгіленеді

Біз тауарды түрлі елден және түрлі бағыт бойынша тасымалдайтын болғандықтан олардың әрқайсысының құны өзгеріп отыруы мүмкін, бұған сіз біздің есептеу кестеміз арқылы көз жеткізе аласыз. Мәселен, Қытайдан жүк жеткізу құны жүру бағытына ғана емес, сонымен қатар тауардың маңыздылығына да байланысты болады. Тауар нәзік болған сайын оны тасымалдау құны да қымбатқа түседі. Сондай-ақ тасымалдау құнына тиеу түрі, жүкті жеткізу мерзімдері де кіреді. Жедел рейстер импортты қабылдайтын тапсырыс беруші тарапынан барынша төленбелі болып табылады.

Біз мынадай тауарды арнайы бағамен тасымалдаймыз: тері былғары өнімдерін, мобильді техника  тоқыма және парфюмерия бұйымдары, тұрмыстық техника мен оның қосалқы бөлшектері, қосымша техника мен оның қосалқы бөлшектері, аяқкиім, электронды кітаптар мен ойынға арналған консолдар, желіні орнатуға арналған жабдық, компьютерлік техника, чемодандар және соған ұқсас бұйымдар, кеңсе тауарлары, әшекей бұйымдары, сағаттар, кейбір тағамдық азықтар, сонымен қатар Еуропадан киім-кешек жеткізу және т.б. Барынша толығырақ ақпаратты есептеу кестелерінен, сонымен қатар тікелей бізге байланысу арқылы біле аласыздар.

Қытайдан, сондай-ақ Еуропадан жүкті жеткізу құны шарт жасайтын кезде белгіленеді.

Компания жүкті зақымдағаны үшін немесе оны бүлдіріп алғаны үшін өзіне толық жауапкершілік алады.

Бұл тарифтер жеткізу құнын дербес және алдын ала есептеу үшін көрсетілген. Біз әрбір клиентке жеке көңіл бөлеміз. Сондықтан біздің менеджерлерімізге тиісті мөлшерлемені есептеу туралы өтініш білдіре отырып, Сіз жеңілдік алуға үміттене аласыз!

Компания тапсырыс беруші тасымалдауға жариялаған құн мөлшерінде жүкті бүлдіргені немесе жоғалтқаны үшін толық жауапкершілік арқалайды!

Түпкілікті мөлшерлеме жүк біздің қоймаға келіп түскеннен кейін және оның нақты салмағы мен көлемі туралы ақпаратты алғаннан кейін есептеледі.