
Cargolight көлік компаниясы өз бағыттары бойынша жүктердің тасымалдау мерзімдерін қысқартатындығы туралы жариялады. Енді тауарды Қытай мен Мәскеуден жеткізу мерзімі 45 күнді, ал Еуропадан Ресейге-14 күнді құрайды.
Cargolight компаниясының мамандары жүру бағыттарын жетілдіріп, Қазақстан-Ресей; Ресей-Қазақстан; Еуропа-Қазақстан, Ресей; Қытай-Қазақстан, Ресей бағыттары бойынша жүк қозғалысын оңтайландыра түсті.
Еуропадан жүктерді жеткізу мерзімі Cargolight –ң Берлиндегі қоймасына түскен сәттен бастап 14 күнтізбелік күнді құрайды. Тауар Қытайдан 45 күн жүріп келеді. Мультимодалдық тасымалдардың жаңа жоспарларын құру тасымалдау мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік берді. Бастапқыда Қытайдан тасымалдау темір жолмен, содан соң Cargolight-ң автокөлігімен жүзеге асырылады немесе бастапқыда теңізбен, содан соң автомобильмен жүзеге асырылады. Тапсырыс берушінің тұтыныстарына байланысты әуемен тасымалдау нұсқалары немесе мультимодалдық бағыттардың өзге нұсқалары да қолданылуы мүмкін.