Үндістаннан Ресейге жеткізілімдер

Үндістан – Ресейдің баяғыдан келе жатқан стратегиялық әріптестерінің бірі. Үндістаннан Ресей аумағына жүк тасымалдарының келешегі зор деуге болады. Әлемнің өзге елдеріне қарағанда осы елден көбірек жеткізілетиін бірқатар тауарлар бар. Мәселен, Үндістаннан шығатын бүкіл шайдың үштен бірі Ресейге белсенді экспортталады.

Осылайша біз түрлі дәрілік препараттарды, тағамдық азықтарды, машина және электр жабдықтарын, тоқыма және өзге тауарларды Үндістаннан тікелей жеткіземіз. Ресейдің Үндістанның тікелей саудалық әріптесі болмағанына қарамастан осы елдер арасындағы тауар айналымы қарқынды өсіп келеді. Демек, Үндістан-Ресей бағытындағы жүк тасымалдарының рөлі де артып келеді. Бәлкім, өте жақын арада осы елге жүк тасымалдау деңгейі бүгінгі таңда Қытайдан тасымалданатын жүктің көлеміне жетіп қалар.

Үндістаннан Ресейге жүк тасымалдаудың қандай ерекшеліктері бар?

Негізінен Үндістаннан жүкті экспорттайтын кезде теңіз көлігі мен әуе тасымалдары қолданылады. Үндістаннан тауар жеткізуді жерде жүретін көлікпен де жүзеге асыруға болады, бірақ бұл бағытта бірқатар қиындықтар туындайды, атап айтқанда:

  • бірнеше шекарадан өту;
  • жолдың ұзаруы;
  • құжаттарды кедендік ресімдеуге барынша назар аудару.

Үндістаннан жүк тасымалдарын жерде жүретін көлік түрлерімен жүзеге асыру мақсатымен «Cargolight» көлік компаниясына жүгіне отырып, сіз төмендегілерге сенімді бола аласыз:

  • біз транзиттік елдердің кедендік заңнамасының барлық қыр-сырын білеміз;
  • біз Үндістаннан келетін жүктің сақтандылығына кепілдік бере отырып, тиісті құжаттарды үнемі дұрыс ресімдейміз;
  • біз осы бағыттағы барлық телімдерде жүкті 100 пайыз қадағалап отыруды жүзеге асырамыз.

Үндістаннан жүктерді тікелей жеткізуді жүзеге асырамыз

Ресей мен Үндістанның бір континентте орналасқанына қарамастан Үндістаннан жүк тасымалдарын сауатты жүзеге асыру қарапайым іс емес. Жүк Ресей аумағына жету үшін ол көптеген теңіздегі және құрлықтағы шекараларды кесіп өтуі тиіс. Сондықтан Үндістаннан жүк тасымалдау үшін сөзсіз білікті әрі сауатты сүйемелдеу қажет.

«Cargolight» көлік компаниясына жүгіне отырып, клиент жүктің Үндістаннан кәсіби деңгейде тасымалданатынына және жеткізілетін жүктің сақтандылығына сенімді бола алады. Тиісті құжаттардың заңдық ресімдеуі мен жүктің жеткізілуін сақтандыруды біз толығымен өзімізге аламыз.

Біздің компания Үндістаннан тікелей жеткізудің құны мен мерзімдері жағынан оңтайлы бағыттарды біліп қана қоймай, сізге тасымалдау шығынын барынша азайту жолдарын айтып та бере алады. Күтпеген жағдайдан аулақ болу үшін біз тиісті бағыттың қиындықтарын ескереміз және Үндістаннан келе жатқан жүк ағынының үздіксіз мониторингін жүзеге асырамыз