Cargolight TransitKazakhstan 2012 көрмесіне қатысуға дайындалып жатыр

Еуропа, Қытай және Қазақстан бағыттары бойынша жүктерді тасымалдауға маманданған Cargolight көлік компаниясы 19-21 қыркүйек аралығында Алматы қаласында өтетін Қазақстандық Халықаралық Көлік және Логистика көрмесіне қатысуды жоспарлап отыр.

2012 жылғы 19 қыркүйектен бастап 21 қыркүйекке дейін Қазақстандық «Атакент» іскерлік ынтымақтастық орталығында Орталық-Азия аймағындағы TransitKazakhstan 2012. көлік индустриясының ең ірі көрмесі өтеді.

Көрмеде көлік және жанама қызметтер; көлік инфрақұрылымы, логистикалық қызмет, техникалық құралдар мен ақпараттық технологиялар секторы әрекет етеді.

Жыл сайын көрмеге ондаған елден жүзге тарта компания қатысады. Ал биыл бұл шарада төрт мыңға жуық қатысушы болады деп күтілуде. Көрмеде сондай-ақ бірқатар іскерлік шаралар өткізіледі, оның ішінде тақырыптық семинарлар, тұсаукесерлер мен т.б. өтеді.

CargoLight-ң Ресейдегі басқарушы әріптесі Александр Быстров атап өткендей, осы көрмеге қатысу компанияның Мәскеу-Алматы жүк тасымалдарының шығыс бағытын дамытуға жасаған тағы да бір қадамы.

Cargolight –ң Қазақстандық көлік компаниясымен ынтымақтастығы 2001 жылы басталған. Осы уақыт ішінде Алматы-Мәскеу және Мәскеу-Алматы бағыты әбден шыңдалып, өз бабына келген. Компания сондай-ақ Қытайдан Қазақстанға құрама, сондай-ақ ірі көлемді жүктерді жеткізуді жүзеге асырады.

Бөлісу:

Опубликовать

Қосымша оқыңыз

Cargolight Үндістаннан жүк тасымалдауды бастады

Cargolight логистикалық компаниясы жүк тасымалдарының жаңа бағытын ашты. Енді жүктер Үндістаннан тасымалданады. Cargolight жүктерді теңіз, теміржол, авто және әуе көліктері арқылы тасымалдайды.

Cargolight Еуропа мен Қытайдан жүк жеткізу мерзімдерін қысқартты

Cargolight көлік компаниясы өз бағыттары бойынша жүктердің тасымалдау мерзімдерін қысқартатындығы туралы жариялады. Енді тауарды Қытай мен Мәскеуден жеткізу мерзімі 45 күнді, ал Еуропадан Ресейге-14 күнді құрайды.

Жаңалықтар мұрағаты

2012