Қытайдан жүк тасымалдау

Cargolight компаниясы 10 жылдан астам уақыттан бері жүк тасымалдарымен шұғылданып келеді. Оның негізгі қызметі – құрама жүктерді тасымалдау. Бүгінгі таңда біз Мәскеу-Қазақстан, Қытай-Мәскеу, Германия-Қазақстан, Ресей-Германия, Еуропа-Ресей тасымалдарын және осы елдер мен қалалардың шегінде өзге бағыттар бойынша тасымалдарды жүзеге асырамыз.

Қытай мен Германиядан жүктерді тасымалдау

Біз жұмыс істейтін негізгі бағыт – Еуропа (Оның ішінде Германия) елдері, Қазақстан, Қытай, Ресей бағыттары бойынша халықаралық тасымалдар. Біз көрсететін жаңа қызметтердің бірі Үндістаннан жүктерді жоғары сапалы деңгейде жеткізу. Күннен күнге біздің елдеріміздің арасындағы тауар айналымы өсіп келеді. Демек, кәсіби жүк тасымалдарына деген сұраныс та өседі. Сондай-ақ біз компания ынтымақтастық қарым-қатынастағы барлық елде түрлі мақсаттағы тауарларды сатып алуға ықпал етеміз.

Cargolight аз ғана тауар көлемін сатып алатын шағын кәсіпкерлермен де жұмыс істейді. Бұл құрама жүктерді тасымалдау деп аталады. Осы бағытта біз соңғы жылдары өте белсенді жұмыс істей бастадық. Қытайдан немесе өзге елдерден шағын көлемді жүкті жеткізу өзіндік қиындықтарға толы процедура екені белгілі, оны үлкен арақашықтықта және үлкен көлемдермен жұмыс істейтін әрбір фирма жүзеге асыруға келісе бермейді. Біз әрбір клиентті бағалаймыз, сондықтан Еуропадан шағын көлемді партиялардың импортына да келісеміз.

Апта сайын біз мынадай бағыттар бойынша жүріп өтеміз:

  • Қазақстан – Ресей;
  • Ресей – Қазақстан;
  • Еуропа – Қазақстан, Ресей;
  • Қытай – Қазақстан, Ресей.

Қазақстан-Ресей жүк тасымалдары

Біздің компания әрбір клиентке дербес қызмет көрсетуді еш қиындықсыз қамтамасыз етеді. Әрбір жеке клиентпен, тапсырыс берушімен келіссөздер үстеліне отырып, әрбір жеке жағдай үшін барынша тиімді ынтымақтастық жолдарын табу мақсатында нақты жүк тасымалына қатысты мәселелерді талқылаймыз. Ерекше жағдайлардың арасында Қытайдан, Еуропадан Ресейге тасымалданатын жүктердің қауіпсіздік деңгейін арттыру, құнын азайту және сол сияқты т.б.мәселелер болуы мүмкін.

Cargolight компаниясында жүк пен көлік туралы түрлі деректерді қадағалауға болатын ақпараттық жүйе бар. Бұл технология біздің автоны ғана емес, өзге тасымалдаушыларды да тиеу процесін жеделдете түседі. Бұл Қазақстан-Ресей бағыты мен өзге бағыттар бойынша жүк тасымалына зәру клиентке өз уақыты мен ақшасын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Бізде Мәскеу-Алматы және Алматы-Мәскеу бағыты бойынша жүк тасымалдары барынша үйлестірілген. Бұл бағытта жүктер ұдайы жіберіліп отырады. Сондай-ақ Алматыдан Мәскеуге жүк, жібере отырып, біз жеделділікке кепілдік береміз.

Біз өз клиенттерімізге жүк тасымалдарына қатысты заңдық әрі сақтандыру мәселелерін шешуге көмектесе аламыз, өйткені осы аталған қызмет түрлерін көрсететін компаниялармен сенімді әріптестік қарым-қатынастамыз. Бұл ретте Қытайдан немесе Еуропадан жеткізілетін жүк құны айтарлықтай қымбаттамайды.