Үндістаннан жүк жеткізу

Күннен күнге біздің елдеріміздің арасындағы жүк айналымы күрт өсіп келеді, демек, тауарды жоғары сапалы деңгейде жеткізуге деген сұраныс та артып келеді. Тауарды басы бүтін, аман-есен қалай жеткізу керек? Үндістаннан тауар тасымалдайтын кезде бірқатар қиындықтар туындайды. Бұл негізінен осы елдердің бір-бірінен алшақ орналасуымен байланысты. Бұл ретте жүкті Үндістаннан жеткізу түрлі әдістермен жүзеге асырылуы мүмкін:

  • жердегі көлікпен тасымалдау;
  • әуе тасымалдары;
  • құрама жүктерді жеткізу;
  • теңіз тасымалдары.

Кез келген тасымалдау түрін таңдаған кезде жүкті аман есеп жеткізудің негізгі қағидаты- транзиттік жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіби көлік компаниясына дер кезінде жүгіну

Үндістаннан тауар қалай жеткізіледі?

Кәсіби көлік қызметтері «А» орнынан «Б» орнына дейін жүкті қарапайым тасымалдаумен шектелмейді. Үндістаннан келетін құрама жүктер болса да немесе контейнерлік тасымалдар болса да жоғары тасымалдау сапасын қамтамасыз ету барынша оңтайлы бағытты таңдауды және бүкіл жол бойы жүктің тұрақты бақылануын қамтамасыз етуді білдіреді. Осылайша, «Cargolight» көлік компаниясы жүктерді жоғары сапалы деңгейде жеткізуді мынадай жолдармен қамтамасыз етеді:

Біз өзіміздің көлік компаниясына жүктелген міндеттемелерді орындай отырып және жүктің амандығына нұқсан келтірмей Үндістаннан тауарды қалай жеткізу керектігін білеміз.

Үндістаннан құрама жүктер

Негізінен тауар ірі көлемді болған жағдайда жүк теңіз жолымен, ал жүк көлемі шағын және жедел жеткізу қажет болған жағдайда- әуе көлігімен жеткізіледі. Үндістаннан Ресей аумағына жеткізілетін жүктердің көлемі жиі шағын болып келеді. Сондықтан Үндістаннан құрама жүктерді тасымалдау мақсатты түрде орынды болып табылады. Бұндай жеткізу әдісі кезінде өте қарапайым сұлба қолданылады. Бастапқыда тауар Үндістаннан теңіз тасымалдарын жүзеге асыратын агенттің қоймасына жинақталады. Кейіннен жүк еуропалық транзит елдерінің шоғырландырылған қоймаларының біріне жеткізіледі. Содан соң ғана Еуропадағы қоймадан Ресей аумағына жеткізіледі.

«Cargolight» көлік компаниясы жүк тасымалдарын ұйымдастырудың осы ерекшелігін жақсы біледі. Сондықтан «Үндістаннан тауар жеткізу» қызметін таңдай отырып, сіз біздің мамандарымыздың тиісті бағыт бойынша жүктің қозғалу тарихын жақсы қадағалап отыратындығына сенімді бола аласыз. Біз жоғары сапалы жүк тасымалына және жолда тауардың сақтандылығына кепілдік береміз.