Авиационная к-сі, 79
Мәскеу қ., Ресей
+7 (495) 642-49-62
logist_cargolight
info@cargolight.ru
Адамдар өз бизнесін дамыта бастамайынша негізінен бұндай мәселелерге қызығушылық танытпайды. Бастапқыда жүгіңіз мардымсыз ғана болып, өз жеңіл көлігіңізге немесе микроавтобусқа сиып кететін болса, кейіннен кәсібіңіз қызған кезде сіз көбірек тауар жеткізу туралы ойлана бастайсыз. Бұл Еуропадан да жүк тасымалдары болуы мүмкін.
Мәселен, Қазақстанға тауар экспортын, жүзеге асыратын кезде Сіздің көлік құралыңызға қайсы бір жүкті тиеу мүмкін болмаған кезде немесе оның саны көп болған кезде жүк тасымалдаушы компанияларға жүгінуге тура келеді. Біз ең үздік ресейлік компаниялар қатарына кіреміз және Қытай мен Еуропадан Қазақстанға және Ресейге тауар импортын жүзеге асырамыз.
Негізінен жүк тасымалдарына орташа және ірі кәсіпкерлер тапсырыс береді. Бұл жиі халықаралық тасымалдар болып келеді. Шағын кәсіпкерлерге келетін болсақ, олар сатып алатын жүктің көлемі жүк тасымалдаушы компаниялардың қызметін пайдаланатындай үлкен болмайды. Бірақ осындай бірнеше бизнесмен біздің әріптесіміз болып табылады, олар үшін Қытайдан немесе Еуропадан Қазақстанға, Ресейге жеткізілетін жүк құрама жүк ретінде тасымалданады. Біздің осындай клиенттермен жұмыс істеуіміз біздің өзге бәсекелестеріміздің алдындағы артықшылығымыз болып табылады.
Біз жиі Қытайдан немесе Еуропадан Ресейге жүкті мемлекеттік тапсырыс бойынша тасымалдаймыз. Бұл үшін арнайы келісімдерге келіп, құжаттар ресімделеді, немесе тендер өткізіледі. Көп жағдайда бұндай тасымалдар арнайы талаптарға сүйене отырып жүзеге асырылады.
Жүк тасымалдары қалааралық та, халықаралық та болуы мүмкін. Біз екінші нұсқаны ұстанамыз.
Қытайдан контейнерлік немесе кез келген өзге тасымалдар тапсырыс беруші үшін мынадай жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін:
Бүгінгі күні отандық экономиканың ауқымды бөлігі жүк тасымалдау компанияларының құрылуы мен жұмыс істеуінің арқасында өркендеп келеді. Олардың қызметіне Қытайдан, Еуропа мен өзге елдерден жүк кедені кіреді. Бұл қайсы бір елге импорт өнімін кіргізудің ең жақсы әдісі болып табылады емес пе.