Cargolight жүктерді Қазақстанға жеткізудің қарапайым схемасын енгізді

Қазақстанға жеткізуді ресімдеу үшін өтінім толтыру керек. Өтінімде көрсетілген ақпаратқа сәйкес жүкті тасымалдау құны есептеледі. Cargolight компаниясы қоймаларының біріне жүкті жеткізу екінші сатыда жүзеге асырылады. Бұл ретте тапсырыс беруші өз жүгін қоймаға өзі жеткізе алады немесе компанияның қызметтерін пайдалана алады.

Содан соң компанияның мамандары жүкті есепке алуды, сұрыптау мен қаптауды жүргізеді, сондай-ақ қажет болған жағдайда жүкті қосымша таңбалап, арнайы түрде қаптайды. Клиент қажетті құжаттарға қол қойғаннан кейін жүк Мәскеу-Қазақстан бағыты бойынша алушыға дейін қосымша қайта тиеусіз тікелей жеткізіледі.

CargoLight –ң Ресейдегі басқарушы әріптесі Александр Быстровтың айтуынша компанияның жүктерін жеткізу схемасы клиенттермен жүргізілетін жұмысты барынша жеңілдетеді. Тапсырыс беруші компьютерден алыстамай өтінім бланкісін өзіне көшіріп алып, оны өзі дербес толтыра алады, оған компанияның офисіне қосымша келіп, тапсырысты ресімдеудің және құжаттармен әбігерге түсудің қажеті жоқ. Жүк тасымалдаудың он жылдық тәжірибесінің арқасында Cargolight өз жұмысын ұдайы оңтайландырып, жетілдіріп отырады.

Cargolight арнайы, іріктелген, ірі көлемді және ерекше температуралық режімді талап ететін жүктерді, тауарларды, сонымен қатар арнайы мақсаттағы жүктерді тасымалдауды жүзеге асырады. Компания апта сайын Ресей-Қазақстан; Қазақстан-Ресей; Еуроодақ-Ресей, Қазақстан; Қытай-Ресей, Қазақстан бағыттары бойынша рейстерді жүзеге асырады.

Бөлісу:

Опубликовать

Қосымша оқыңыз

Cargolight Үндістаннан жүк тасымалдауды бастады

Cargolight логистикалық компаниясы жүк тасымалдарының жаңа бағытын ашты. Енді жүктер Үндістаннан тасымалданады. Cargolight жүктерді теңіз, теміржол, авто және әуе көліктері арқылы тасымалдайды.

Cargolight Еуропа мен Қытайдан жүк жеткізу мерзімдерін қысқартты

Cargolight көлік компаниясы өз бағыттары бойынша жүктердің тасымалдау мерзімдерін қысқартатындығы туралы жариялады. Енді тауарды Қытай мен Мәскеуден жеткізу мерзімі 45 күнді, ал Еуропадан Ресейге-14 күнді құрайды.

Жаңалықтар мұрағаты

2012