
Cargolight көлік компаниясы 2012 жылы өзінің Қытайдағы қызметін кеңейтуді көздеп отыр. Бұл жөнінде компания басшылығы хабардар етті. Бүгінгі таңда Cargolight компаниясы Шанхайдағы TENGIZ CARGO қытай компаниясымен қоян-қолтық ынтымақтасып отыр, бірақ қытай бағытының келешекті болуымен байланысты осы нарықтағы экспансияны жалғастыру туралы шешім қабылданды.
Қытай жер көлемі бойынша Ресей мен Канададан кейін үшінші орынды алады. Халқы 1,3 млрд. адамнан асып түсті. Соңғы жылдың нәтижелері бойынша ҚХР экономикасы номиналды ЖІӨ бойынша екінші орынға және сатып алу қабілетінің біріншілігі бойынша есептелген ЖІӨ бойынша екінші орынға ие болып отыр.
Cargolight-ң Қытайдың ең ірі қаласы Шанхайда өкілдігі бар. Бұл сол елдің ең маңызды қаржылық және мәдени орталығы, сонымен қатар әлемдегі ең ірі теңіз айлағы. Cargolight қытай нарығына 10 жыл бұрын шыққан, ал бүгін компания Қытайдан келетін жүктің ауқымы көлемін өңдеу үшін Қытайда тағы да бір филиалын ашуды жоспарлап отыр.
Cargolight компаниясы тиісті елде, сондай-ақ Қытайда клиенттің коммерциялық өкілі қызметін ұсынады. Осының арқасында сатып алушы мен сатушы арасындағы есеп айырысу схемасы жеңілдетіледі: компанияның клиенттер үшін тауар сатып алуға, кедендік ресімдеу мен жүктерді кедендік тексеруден өткізуге қажетті құжаттар жиынтығын ресімдеуге мүмкіндігі бар. Шағын кәсіпкерлік үшін CargoLight компаниясы Қытайдан құрама жүкті жеткізуді жүзеге асырады.